Kaspi Жұма: көктемгі тиімді сатып алу мерекесі

Қазақстандық кәсіпкерлер де тиімді сауда мерекесіне алдын ала дайындалды. Өйткені Kaspi Жұма кезінде тапсырыстар саны бірнеше есе артып, тауар қорын алдын ала толықтыру қажет.

Сурет: Алексей Попов

Сурет: Алексей Попов
Kaspi Жұма – тек тиімді сатып алулар ғана емес, сонымен қатар отандық бизнестің дамуына серпін беретін маңызды оқиға. Қазақстан бойынша жүздеген мың кәсіпкерлер қатысады.

Сурет: Алексей Попов
Олардың қатарында ағаштан сапалы жиһаз жасайтын Cara Hardwood отандық бренді де бар. Компания 27 жыл бұрын шағын шеберханадан басталған. Бүгінде Cara Hardwood өнімдерін әкімшілік ғимараттар, мейрамханалар, қонақүйлер және көптеген қазақстандықтардың үйлерінен көруге болады.

Сурет: Алексей Попов

Сурет: Алексей Попов
"Біз Kaspi Жұма-мен бес жылдан бері серіктеспіз және оның клиенттер үшін де, бизнес үшін де үлкен пайдасы бар. Қазақстандықтар отандық сапалы жиһазды тиімді шарттармен сатып алып, үйлері мен кеңселерін оңай жаңартады, ал біздің тапсырыстарымыз екі есе көбейеді. Kaspi Жұма біздің өнімдеріміздің қолжетімді, сатылымдарымыздың тұрақты болуына көмектеседі", – дейді Cara Hardwood менеджері Айнара Капина.

Айнара Капина Cara Hardwood менеджері, cурет: Алексей Попов
Ал былғары бұйымдарын шығаратын Qoltrawn бренді нарықта 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Үйде басталған кәсіп, қазір өндірістік цехы бар отбасылық бизнеске, Kaspi.kz-тің тсенімді серіктесіне айналды. Әрі Kaspi Жұма тиімді зат сатып алу мерекесінің тұрақты қатысушысы.
"Kaspi Жұма жергілікті кәсіпкерлер мен бүкіл Қазақстан аумағындағы тұтынушыларға тікелей пайда әкеледі. Олар отандық шикізаттан қолмен жасалған сапалы былғары өнімдерін ала-алады. Біз үшін – бұл қосымша сатылымдар. Сәйкесінше біз өз командамызға жұмыс беріп, айналымнан салық төлейміз. Яғни, Kaspi Жұма – бәріне тиімді, бәрі пайда табады", – дейді Qoltrawn брендінің негізін қалаушы Нұрғиса Жарасбаев.

Qoltrawn брендінің негізін қалаушылар Нұрғиса Жарасбаев пен Дана Қуанышбек, сурет: Kaspi.kz
Ұлттық киім шығаратын Myrza Brand Kaspi Жұма қарсаңында сұранысты қанағаттандыру үшін арнайы шапандар, камзолдар және костюмдер дайындап, қосымша өнім шығарды. Қолдан тігілген ерекше этно-тауарларды көбіне 10 данадан бастап жиынтықтармен сатып алады.

Сурет: Алексей Попов
"Біздің мақсатымыз – қазақтың ұлттық киімін күнделікті киюге болатын сәнге айналдыру. Myrza Brand-тің барлық өнімдері қолмен жасалады, өндірісіміз Алматыда орналасқан. Біздің компанияда 80 адам жұмыс істейді. Kaspi Жұма кезінде сатылымдар 70-80%-ға артады. Сонымен қатар, Kaspi Жұма-ның тиімді жеткізу шарттары бізге бір қаламен шектелмей Қазақстан бойынша кеңеюге көмектеседі. Әрине, біз бұған қуаныштымыз", – дейді Myrza Brand компаниясының операциялық директоры Арын Бақберген.

Myrza Brand-тің операциялық директоры Арын Бақберген, сурет: Алексей Попов
Kaspi Жұма мүмкіндіктерін турфирмалар да белсенді пайдаланады. iTravel өкілдерінің айтуынша, мереке басталған 14 ақпаннан бастап клиенттер белсенді түрде турлар туралы сұрап, тапсырыс беруге кіріскен. Қазақстандықтарды ең көп қызықтыратын бағыттар – Түркия, Египет, БАӘ, Тайланд және Вьетнам.

Сурет: Алексей Попов
"Kaspi Жұма басталысымен, клиенттер бірден бізге хабарласып, қадай жақсы турлар барын сұрайды. Біз оларға қолайлы бағыттарды ұсынамыз, сатылымдар да өседі. Мысалы, бір күнде миллион теңгелік бірнеше тур рәсімдедік. Онлайн да, офлайн да белсенді сатылуда", – дейді iTravel менеджері Ислам Тохтибакиев.

iTravel менеджері Ислам Тохтибакиев, сурет: Kaspi.kz
Travel Expert те Kaspi Жұма бизнеске де, туристерге де тиімді екенін айтады.

Travel Expert кеңсесінің жетекшісі Жазира Амангелді, сурет: Алексей Попов
Travel Expert кеңсесінің жетекшісі Жазира Амангелді
"Алда – 8 наурыз, Наурыз сияқты мерекелер бар. Әрине, біздің туристер мереке күндері демалғысы келеді. Kaspi Жұма бұл мүмкіндікке жол ашады – тиімді шарттармен тур рәсімдеуге көмектеседі. Kaspi Жұма – тек тиімді сауда мерекесі ғана емес, ол шағын және орта бизнеске кеңеюге, дамуға, айналымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бір айда біздің менеджерлер орташа есеппен 100 тур сатса, Kaspi Жұма кезінде бұл көрсеткіш екі есе артады", – дейді Travel Expert кеңсесінің жетекшісі Жазира Амангелді.

Сурет: Алексей Попов

Сурет: Алексей Попов
Шолпан Ардабекова да Kaspi Жұма-ның тиімді мүмкіндігін пайдаланып, жақындарына сыйлық жасады. Ол екі қызына Lucente зергерлік салонынан бағалы бұйымдар сатып алды.

Шолпан Ардабекова, сатып алушы, сурет: Kaspi.kz
"Білесіздер ме, қатты қуанып тұрмын! Көктем келе жатыр, көңіл-күйді көтеру үшін екі қызыма сыйлық жасауды жөн көрдім – Kaspi Жұма арқылы армян алтынынан жасалған, якут бриллианттарымен безендірілген әшекейлер сатып алдым. Барлығы өте жылдам мақұлданды. Оған қоса, маған бонус, сыйлық сертификаты берілді. Kaspi Жұма пайдалануға өте ыңғайлы, барлығы көңілімнен шықты. Рақмет, Kaspi!" – дейді қуанышын жасыра алмаған Шолпан Ардабекова.
Алматылық Әсел Сәтпаева керек-жарақты алдын ала жинап, құнын салыстырып отырған. Ол, әрине, ең қолайлы бағамен рәсімделді.

Сурет: Алексей Попов
"Біз үшін маңызды оқиға болды – пәтер сатып алдық. Енді жаңа жиһаз, жаңа тұрмыстық техника қажет. Kaspi Жұма дәл уақытында келді. Біз кір жуғыш машина және басқа да көптеген қажетті заттарды сатып алдық. Kaspi Жұма-ны асыға күттім, 14 ақпан күні таңғы 6-да оянып, бірден сатып алуды бастадым. Кейбір тауарларды онлайн таңдадым – сатып алушылардың пікірлеріне, рейтингіне, техникалық сипаттамаларына сүйендім. Ал кейбірін дүкеннен барып көріп алдым. Бұл – тиімді әрі ақылға қонымды тәсіл деп ойлаймын", – дейді Әсел Сатпаева.

Әсел Сатпаева, сатып алушы, сурет: Алексей Дрон
Kaspi Жұма кезінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңдаған кәсіпорын қызу жұмыс істейді. Оған логистика мамандары, бухгалтерлер, IT-мамандар, менеджерлер, сатушылар, ораушылар және әрине, жеткізушілер сияқты ондаған мамандық, мыңдаған адамдар қатысады.

Сурет: Алексей Попов

Сурет: Алексей Попов
Сатып алушылардың барлығы тапсырыстарын уақытында алуы үшін, жеткізу қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Бірақ жеткізушілер оған шағымданбайды, себебі – жұмыс көбейсе, жалақы да көбейеді.

Сурет: Алексей Попов

Сурет: Алексей Попов
"Kaspi Жұма өте керемет өтіп жатыр. Kaspi Жұма кезінде тапсырыс көп, табыс та жоғары. Тауарларды үйге дейін жеткіземіз, клиенттер де риза, біз де ризамыз", – дейді Aqua logistics курьері Жандос Жеңіс.

Aqua logistics курьерлік қызметінің өкілі Жандос Жеңіс, сурет: Алексей Попов
"Kaspi Жұма-дан кейін тапсырыстар саны айтарлықтай көбейеді. Біз оларды уақытында жеткізуге тырысамыз. Кейбір постоматтарға күніне 4-5 рет тауар жүктеймін", – дейді Irbis Logistics курьері Әділет Кенжебай.

Irbis Logistics курьері Әділет Кенжебай, сурет: Алексей Попов.
Курьерді үйде күтпеу үшін клиенттер шағын тауарларды постамат арқылы алады. Бүкіл ел аумағында 8 мыңнан астам постамат орнатылған.

Әлия Өтелбаева, сатып алушы, сурет: Алексей Попов
Kaspi Жұманы тиімді зат сатып алу мерекесі деп бекер атамайды. Біреулер тиімді зат сатып алып, жақында алған пәтерлерін толтырып, туыстарына бағалы сыйлық жасайды. Ал тағы біреулерге – табысын арттырып, бизнесін дамыту мүмкіндігін сыйлады.

Сурет: Алексей Попов