Қазақстандықтарға алаяқтардан қорғануға арналған тоғыз кеңес ұсынылды

Алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ақпарат тарататын aqparatsaqsysy Telegram-арнасы, қаскөйлердің құрбанына айналмас үшін бірнеше кеңестер ұсынды.
1. Пайдаланылмайтын есептік жазбаларды жойыңыз
Оларды алаяқтар "ұрлап", сізге, достарыңызға немесе тіпті сіз жұмыс істейтін компанияға қарсы қолдануы мүмкін. Егер сіз белгілі бір қызметті пайдалануды тоқтатқан болсаңыз, онда есептік жазбаны бірден жойыңыз немесе бұғаттаңыз.
2. Барлық артық ақпаратты жойыңыз
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі барлық қажетсіз аккаунттардан жазылымды алып тастаңыз. Жалпыға қол жетімді болмауы керек өзіңіз туралы ақпаратты бірден өшіріңіз, жасырыңыз немесе қол жетімділікті шектеңіз.
3. Алаяқтардың желі арқылы сізбен байланысуына мүмкіндік бермеңіз
Ең оңай жолы – олардың сізбен байланысқа түсуіне жол бермеу. Мәселен, олар сіздің тек сіз дос ретінде қосқан адамдарға қол жетімді ақпараттарды көре алмайды. Сондықтан, достар тізімінен өмірде танымайтын адамдарды жойып тастағаныңыз жөн.
4. Құпия сөз ретінде қарапайым сөздерді қолданбаңыз
Құпия сөздеріңізде сандармен, әртүрлі таңбалармен және бас әріптермен қиындата түсіңіз. Барлық жерде бірдей құпия сөзді қолданбаңыз. Қолданбалар мен сайттарға кіру деректерін пароль менеджерінде сақтаңыз. Бұл сіздің барлық деректеріңізді бір жерде сақтайтын қызмет.
5. Ресурстарда, сайттарда және әлеуметтік желілерде мүмкіндігінше көп факторлы (екі факторлы немесе "қатаң") аутентификацияны қосыңыз.
Аутентификация – бұл сіздің кім екеніңізді растау процесі. Көп факторлы аутентификация бір емес, бірнеше белгілер негізінде жеке басыңызды растайтыныңызды білдіреді. Осылайша, шабуылдаушыға бір фактор (мысалы, құпия сөз) белгілі болса да, ол сіздің деректеріңізге қол жеткізе алмайды.
6. Алаяқтар мен хакерлер арасындағы танымал тактика "фишинг" деп аталады.
Алаяқтар электрондық пошталар немесе хабарламалар арқылы сіздің жеке деректеріңізді ұрлау немесе жүйені бұзу үшін қауіпті сілтемені басуға немесе вирустық қосымшаны жүктетуге итермелейді. Көбінесе мұндай хаттарда "сіздің компьютеріңіз бұғатталған", "жеңілдік алыңыз", "сіз жеңдіңіз", "электрондық поштаға жазылудан бас тартыңыз" деп жазылуы мүмкін.
7. Спам-хабарламаларда немесе әлеуметтік желілерде алаяқтар сілтемеге кіруге жиі ұсыныс білдіреді, кейде оны сізге таныс сайт ретінде белгілейді.
Шын мәнінде, сілтеме күдікті ресурсқа алып келеді. Кез-келген сілтемені ашпас бұрын, оның үстіне меңзерді апарыңыз. Осылайша, сіз гиперсілтеменің қайда апаратынын көре аласыз.
8. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жеке хабарламалар арқылы құжаттардың, соның ішінде паспорттың немесе, мысалы, банк картасының деректерін жібермеңіз.
Бұл мәтіндік ақпаратқа ғана емес, фотосуреттер мен сканерлерге де қатысты. Бұл ретте, онлайн сатып алу кезінде банк картасының деректерін сақтамаңыз.
9. Қолданбаларды немесе бағдарламаларды телефонда ғана емес, компьютерде де жаңартыңыз.
Жаңа нұсқалар олардағы осалдықтарды жабады. Әзірлеушілер мұны қадағалайды.
Бұған дейін ҚР ІІМ-нің мектептерде кәмпит түрінде синтетикалық есірткі тарату туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме бергендігі хабарланған болатын.