"Қалың қар жауып, боран соғады". Ірі қалалар мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 22 ақпан, дауылды ескерту, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 21:57 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 22 ақпанда Астанада, Алматыда, Шымкентте және Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының оңтүстігінде түнде қалың қар жауады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын жүріп, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде бұрқасын жүреді, қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар), солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (басымы қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз қалың қар түседі, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде қар жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Павлодарда да тұман болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында қалың қар түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде де қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда жауын-шашын (көбінесе қар) түседі, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  15-20 м/с, түндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 23 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 24 ақпанда түнде жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 25 ақпанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. 26 ақпанда жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

22-23 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында оның екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. 26 ақпанда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. 27 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың шығысында, таулы аудандарында қалың қар жауады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында да тұман болады деп күтіледі.  

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда түнде тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болады деп күтіледі. 26 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 27 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады деп күтіледі. Қонаевта түнде аздаған тұман болады.

Алматыда түнде кей уақытта тұман түседі.

Бұған дейін синоптиктер елімізге қарай бірнеше циклон жылжып келе жатқанын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: