Қазақстандықтарға оқушылар мен студенттерге бағытталған алаяқтық схемасы туралы ескертілді

Мобильная связь, мобильный интернет, сотовая связь, телефон в руках, социальные сети, звонки , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 13:18 Фото: pexels
Қазақстандықтарға алаяқтықтың тағы бір жаңа түрі туралы ескертілді. Енді олар оқу қосымшалары арқылы-ақ сізді сан соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа схема туралы Aqparat saqshysy Telelgram-арнасының 24 ақпандағы дерегінен белгілі болды.

"Сақ болыңыз! Алаяқтар Duolingo, Photomath, Khan Academy және т.б. танымал оқу қолданбаларын пайдалану арқылы мектеп оқушылары мен студенттерді алдаудың жаңа әдісін тапты".

Схема қалай жұмыс істейді

  1. Оқу қосымшаларында оқуға көмектесетін "ақысыз" қызметтері бар жарнамалық баннерлер пайда болады, мысалы, дайын үй тапсырмасы немесе тапсырмаларды автоматты түрде шешу.
  2. Мұндай "көмекшіні" орнатқаннан кейін қосымша телефондағы барлық деректерге – фотосуреттерге, контактілерге, хабарламаларға және басқа қосымшаларға қол жеткізуді сұрайды.
  3. Нәтижесінде, алаяқтар жеке деректерді, парольдерді, банк деректемелерін ұрлай алады немесе тіпті сізді хабардар етпей-ақ, ақылы қызметтерге тіркей алады.

Сан соғып қалмау үшін не істеу керек

  • Оқу қызметтерінде жарнама бойынша үшінші тарап қосымшаларын жүктемеңіз.
  • Бағдарлама сұраған рұқсаттарды тексеріңіз. Егер ол бәріне қол жеткізуді талап етсе, бұл алаяқтық!
  • Тек ресми білім беру ресурстарын пайдаланыңыз.

Бұған дейін енді Қазақстандағы жетім балалардың тәлімгерлері міндетті психологиялық даярлықтан өтетіндігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: