5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді айдауға тыйым салынады: бүгінге дейін қанша көлік тіркелді

5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді айдауға тыйым салынады: бүгінге дейін қанша көлік тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 19:39 Сурет: pexels
Қазақстанда мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.

Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і – Алматыда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: