Павлодардағы қоймада тонна-тонна сәбіз шіріп жатыр

Павлодардағы қоймада 50 мың тоннаға жуық сәбіздің жартысы шіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" ақпаратынша, отандық сәбізге сұраныс жоқ.
Павлодарлық шаруалар ала жаздай өсірген өнімді өткізе алмай сандалып жүр. Нарықты импорттық өнім, әсіресе Ресейдің көкөнісі басып алған. Шаш етектен шығынға батқан кәсіпкерлердің айтуынша, бұрын күніне 50 тоннаға дейін сәбіз сатса, соңғы екі аптада 35 тонна ғана өтіпті.
"Қазір Қазақстанның оңтүстік өңірлері түгел шетелдік көкөністермен сатылып отыр. Біздің сәбіз болса шіріп, қоқысқа кетуге жақын. Мол өнім болғаннан не пайда егер сұраныс болмаса. Біз сәбізді сататын нарық таппай әлек болдық. Тіпті арзан бағаға да сата алмай жүрміз",- дейді Николай Надыров, Өндірістік кооператив жетекшісі.
Бұған дейін қызметтік иттің автокөлікте жасырылған есірткіні тапқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript