Ақтау тұрғыны өз баласына 50 миллион теңге қарыз

Доллары, деньги, коррупция, взятка, взятки, взяточничество, коррумпированность, коррупционер, коррупционеры, коррупционные схемы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 11:38 Фото: pexels
Сот орындаушылары 2010 жылдан бері ұлын асырауға қаражат бермеген Ақтау тұрғынын 50 млн теңге төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының ақпаратына сүйенсек, 2010 жылы сот Ақтау қаласының тұрғынын 2010 жылдан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін 16 жастағы ұлының анасының пайдасына баланы бағуға жалақының және басқа да кірістердің барлық түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент өндірген.

"2023 жылы жеке сот орындаушысы (ЖСО) әкесінің алимент бойынша қарызын 50 млн теңге деп анықтаған, бұл оның 2010 жылдан бері өз міндеттемелерін орындамағанын ескере отырып салынған қомақты сома. Сот орындаушылары борышкер 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер бола отырып (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана отырып) өзінің кірісін жасырып, алимент төлемей, сол арқылы ұлының құқығын бұзғанын анықтады",- делінген ақпаратта.

Салық органдарының декларацияларына сәйкес, 2010 жылдың 2-тоқсаны мен 2016 жылдың 2 жарты жылдығы, 2020 жылдың 1-жарты жылдығы мен 2022 жылдың 2 жарты жылдығы аралығында борышкердің кірісі 200 млн теңгеден астам соманы құраған.

Бұл ретте, борышкер ЖСО-ның қаулысымен келіспей,сотқа шағым түсірген.

"Сот алименттерді ата-анасының нақты табысына сәйкес есептеу керектігін көрсете отырып, алимент бойынша берешек туралы ЖСО-ның есептеулерінің дұрыстығын растады.Талап қою қанағаттандырусыз қалдырылды".ҚР Жоғарғы Соты

Борышкер өз құқығын асыра пайдаланып, бұл шешімге апелляциялық және кассациялық сот сатыларына шағым түсірген, алайда сот актісі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: