Қазақстандық белгілі әнші, асаба жол апатынан қаза тапты

Қазақстандық белгілі әнші және асаба жол апатынан қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2025 11:41 Сурет: instagram/askar_tamada
2025 жылғы 28 ақпанда Ақмола облысында қазақстандық әнші, жүргізуші және асаба Асқар Дүйсенов жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қаралы хабарды әлеуметтік желіде марқұмның досы Әлібек Серғалиев естіртті:

"Әлі де сенер емеспін!!!! Кеше ғана "Әлеке былай істесек қалай болады?" деп жүрген інім еді ғой… Бүгін осындай хабар келді!!! Алла қасиетті жұма күні, Рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің…. Қош, бауырым!", - деп жазды ол.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"28 ақпанда "Астана-Петропавл" тасжолының 31-шақырымында "ГАЗель" және Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапты".Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство жүргізушілерді жылдамдықты қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеріп, көліктердің техникалық жағдайын қадағалауға үндеді.

"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданады".Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Марқұмды ақтық сапарға 2 наурызда туған жері – Солтүстік Қазақстан облысындағы Кішкенекөл ауылында шығарып салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: