Жұмысшы фермердің 10 тонна бидайын ұрламақ болған

Ақмола облысында полицейлер фермердің егіске дайындаған 10 тоннадан астам бидайын ұрламақ болды деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция ауыл тұрғынының осы шаруа қожалығында 14 жыл еңбек еткенін айтты.
"20 ақпанда полицияға жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан арыз түсті. Ол өз кәсіпорнынан 10,16 тонна бидай тұқымы ұрланғанын айтты. Келтірілген шығын – шамамен 2 миллион теңге. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ қылмысқа қатысы болуы мүмкін тағы екі ер адамды анықталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарының басшыларына қырағы болуды, қылмыстың құрбанына айналмас үшін кәсіпорындарына бейнебақылау жүйесін орнатуды ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript