ҰҚК екі қазақстандықтың ұсталғаны жайлы мәлімдеді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қазақстандықтың есірткі арнасының жолын кесу кезінде ұсталғандығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
"Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 кг "гашиш" есірткі заты тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін енді еліміздегі мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер жаңа тәсілмен жүргізілетіндігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript