Маңғыстауда ақтүтек боранда адасып кеткен ақүрпектер кен орындарын жағалап жүр

Маңғыстауда ақтүтек боранда адасып кеткен ақүрпектер кен орындарын жағалап жүр , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 16:53 Сурет: Zakon.kz/Кирилл Александров
Итбалықтар вахталық кенттерде, кен орындарында және далада кездесуде. Негізінен жазықты кезіп жүрген ақүрпектер, яғни жаңадан туылған итбалықтар. Мамандар олар ауа-райының қолайсыздығынан бағдарын жоғалтып алған деп болжап отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Маңғыстаудағы кен орындарының бірінен бірнеше күн бұрын екі итбалық табылған болатын. Ал, бүгінде олардың саны өсіп отыр және ешкім дәл қазір құрлықта қанша итбалықтың жорғалап жүргенін дөп басып айта алмайды.

Кен орнының қызметкерлері олардың онда кешқұрым келгендерін айтты. Жануарларға ет пен балық ұсынғанымен, олар тамақтан бас тартқан.

"Біз қалаға қоңырау шалдық және бізге оларды теңізге апаруға кеңес берді. Алайда, теңіз алыста болды – көлік жете алмас еді, сондықтан біз оларды теңіз бағытында қалдырып кеттік. Дегенмен олар бағыттарын үнемі жазыққа алып отырды. Жолдан басқа кен орнынан табылған итбалықтарды алып келе жатқан әріптестерімізбен кездестік. Жалпы саны 20 шақты итбалық далада жорғалап жүрді. Менің ойымша, бұл түні олардың біразын қасқыр мен өріп жүрген жабайы иттер жеп те кетті",- деді қызметкер.

Экологтардың айтуынша, итбалықтар Маңғыстаудың соңғы бірнеше күндегі ауа-райының (қалың қар мен боран) қолайсыздығынан бағыттарын жоғалқан.

"Теңізде мұз қатып, бетін қар көмкеріп тастаған. Сондықтан, олар жазық пен суды ажырата алмаған. Басында бірнешеуі туралы ақпарат түскен, алайда қазір олардың нақты санын атау мүмкін болмай отыр",- деді эколог Әділбек Қозыбақов.

Қалың қардан бірнеше күн бойы балық инспекциясының қызметкерлері кен орындарына жете алмаған.

"Инспекторлар кен орындары мен даладан 20-ға жуық итбалықты жинады. Бірнеше инспекторлардан тұратын топ барлық аймақты бақылауға ала алмайды. Біз тіпті олардың нақты санын да білмейміз. Олар шет-шетінен жинап, Қаламқас пен Қаражанбас кен орындары маңындағы теңіз жағалауына қалдыруда",- деді Маңғыстау облысының балық инспекциясы басшысының м.а. Андрей Руцкий.

Облыстық балық инспекциясының мамандары құрлыққа ақүрпектер қатты желмен ұшып келуі мүмкін екенін айтып отыр.

"Бұлар небәрі бірнеше ай болған ақүрпектер. Олар бұл кезде, әдетте жағалауда анасының жанында болады. Оларды қатты дауыл ұшырып әкетуі де мүмкін. Мұндай жағдайлар кездесіп тұрады. Мәселен, былтыр олар теңізден айтарлықтай алыста орналасқан ауыл маңынан да табылған",- деп қосты Андрей Руцкий.

Бұған дейін Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: