Щучьеде баланы азаптап өлтіргенін төрт жыл жасырып келген әйел мен кейуана сотталды

Щучьеде баланы азаптап өлтіргенін төрт жыл жасырып келген әйел мен кейуана сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 20:34 Сурет: видео скрині/КТК телеарнасы
Щучьеде асырап алған екі жасар баласын азаптап өлтіріп, оны 4 жыл жасырып келген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сәбидің 65 жастағы өгей әжесі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы көктемде екі жастағы бүлдіршінді қатыгездікпен азаптап өлтірген екі әйелдің қылмысы әшкере болған.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Бес бала асырып алған отбасында бір балақайдың басы жарылып, ауруханаға түскен. Сол кезде қамқоршысы шатасып, ауырған баланың емес, өлген баланың туу туралы куәлігін апарған.

Полиция басы жарылған баланың жарақаты оқыс құлағаннан емес, әдейі ұрғаннан болуы мүмкін деп күдіктеніп, тексеріс жүргізсе, асырап алған баланың бірі төрт жыл бұрын көз жұмғаны анықталған. Оның мәйітін жер үйдің ауласына көміп тастаған.

Сотта марқұм баланың әжесі кінәнің бәрін өз мойынына алып, 21 жылға сотталса, шешесі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Кухаль Надежда Васильевна сот үкімі бойынша 21 жылға бас бостандығынан айрылсын. Өмір бойына педагог қызметін көрсету мен кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан айрылсын. Ал Трофимова 4 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айырылып, кінәсін орта деңгейдегі қылмыстық атқару мекемесінде өтесін".Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Дархан Бейісов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: