"Өлімші етіп сабаған". Ақтөбеде оқушының өліміне қатысты сот басталды

"Өлімші етіп сабаған". Ақтөбеде оқушының өліміне қатысты сот басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 21:08 Сурет: видео скрині/КТК телеарнасы
Ақтөбеде елді дүрліктірген оқушының өліміне қатысты сот басталды. Қопа ауылында жоғары сыныптағылар Нұржан Сыдыққа әлімжеттік көрсетіп, өлімші етіп сабаған. Оның мәйітін қаңырап тұрған моншаның жанына тастап кеткен. Тергеу жарты жыл бойы жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, сот залы лық толған. Баласынан айырылған отбасы мен туыстарынан бөлек, айыпталған алты оқушының да жақындары келген. Судья сотталушылардан да, прокурордан да тілшілердің процеске қатысуына қатысты пікірін тыңдады. Олар бұған қарсы болды. Енді үкім шыққанша іс жабық өтеді. Кісі қолынан қаза тапқан марқұм Нұржан Сыдықтың отбасы бұған наразы.

Былтыр оқу жылы басталған бойда 14 жастағы жасөспірімді ұруға 11-сынып оқушысы бұйрық берген. 10-сыныпта оқитындар оны тепкілепті. Марқұмның өлі денесін сол маңнан өтіп бара жатқан Қопа ауылы тұрғыны кездейсоқ байқап қалады. Басында тергеушілер "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғағанымен, кейін істі "Абайсызда адам өлтіру" бабымен сотқа жолдаған.

Қаралы отбасы сотталушылардың кейбірінің ата-анасы әлі күнге мектепте жұмыс істейтінін айтады. Оларды уақытша қызметтен шеттеуді білім басқармасындағылар да сұраған. Өйткені жәбірленуші тарап куәгер ретінде сұралатын оқушыларға мұғалімдер қысым көрсете ме деген қауіптенеді.

"Інімді өлтірген оқушылардың ата-аналары ішінде мұғалім ата-ана да бар. Оларға мектепте жұмыс істеуге неге рұқсат беріледі? Неге сот аяқталғанша жұмыстан уақытша шеттетілмеске? Сот болып жатыр, ол балаларды азғыруы мүмкін. Басқаша үгіт жүргізуі мүмкін". Нұржан Сыдықтың әпкесі Мереке Қалдыбаева
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: