Абай облысында жас спортшылардың жаттығуы тоқтатылып, бапкерлер жалақысыз қалған

Абай облысында жас спортшылардың жаттығуы тоқтатылып, бапкерлер жалақысыз қалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 21:56 Сурет: pixabay
Абай облысының намысын қорғап жүрген жас спортшылар далада қалуы мүмкін. Себебі "Абай-Арена" мәдени-спорт кешенінде олардың жаттығуына тыйым салынған. Осыны естіген ата-аналар бүгін наразылық білдірді. Оның үстіне, бапкерлер де жалақыға жарымай жүр екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Міне, үш ай болды, жалақысыз жұмыс істеп жүр. Масқара! Біз, ата-аналар, өзіміз жинап бердік, бар ақшамызды. Біреуі бес мың, біреуі үш мыңнан. Бапкерлерге көмек көрсеттік". Серікжан Хасенов

КТК телеарнасының хабарлауынша, кешенде спорттың бірнеше түрінен мыңға жуық бала жаттығады, бірақ нысан мемлекет меншігіне өтіп, спорт үйірмелерінің кестесі қысқарған. "Осылайша, өңірдің спорт басқармасы балалардың спортпен шұғылдануына шектеу қойып отыр" дейді ата-аналар.

"Абай облысының намысын қорғайтын спортшылардың шығынын да өз қалтамыздан шығарамыз" дейді жиналғандар. Ал спортқа жауапты шенеуніктер "Балаларды шыңдау үшін спорт мектебін ашамыз" дейді. Жарысқа баратын барлық шығын сол кезде төленеді екен.

"Ол кезде бұл балаларды жарысқа шығара алмайтынбыз. Кішкене мәселе болды. Енді арнайы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі. Ол деген енді түсініп отырсыздар, ақша бөлінеді. Жарысқа шығуына, тегін жаттығуына, бәріне. Соған ата-аналар кішкене шыдай тұруы керек".Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ержан Әбілқасымов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: