Ұлытау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарына қатысты тергеу басталды

Бұл туралы 2025 жылдың 6 наурызында ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді:
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлыққа күдік бойынша тергеу басталғанын растайды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат таратылуға жатпайды".
Бұған дейін желіде Қайрат Мұтаев пен Ақбаян Сексенбаева тәртіптік жазаға тартылған уақытында, қол астындағылар арқылы сыйлықтар алғаны жайлы ақпарат пайда болған. Осылайша, олар 7 550 000 теңге бюджет қаражатын ұрлап кеткен.
Айта кетейік, Қайрат Мұтаев 2022 жылдан 2024 жылға дейін Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал 2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сурет: gov.kz
Ал Ақбаян Сексенбаева 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып саналады.

Сурет: gov.kz
Бұған дейін БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданғандығы хабарланған болатын.