Алаяқтық жасады деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Алаяқтық жасады деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 11:02 Сурет: pexels
Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Германия Федеративтік Республикасынан аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған тұлға 2023 жылғы қаңтарда екі сыбайласымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған компанияларды құру жолымен қазақстандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып, оларға халықаралық іздеу жарияланды.

2024 жылғы қазанда іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: