Атырау облысында екі адам жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен

Атырау облысында екі адам жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2025 13:20 Сурет: pixabay
Кеше кешке екі адам Атырау облысы Құлсары қаласынан Шөл қала учаскесіне жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешке құтқарушыларға көмек сұрап туыстары хабарласты.

Бүгін, 8 наурызда таңертең ТЖМ іздестіру тобымен жоғалғандар "Бес ағайын" қыстағында табылып, Құлсары қаласына жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Белгілі болғандай, олар ауа райының қолайсыздығына байланысты бара жатқан жерлеріне жете алмай, қыстақта көмек күтіп тығылып отырған.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: