Павлодарда жасөспірімді көлік қағып кетті

Павлодарда кәмелетке толмаған жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Малайсары батыр көшесі, 64 ғимаратына қарама-қарсы жерде болған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы көлік жүргізушісі рұқсат етілген жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүріс бөлігін өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript