Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады

Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 17:53 Сурет: telegram/modgovkz
ҚР Қорғаныс министрлігі бүгін, 2025 жылғы 12 наурызда республика азаматтарына ресми үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарланып отыр.

"Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін". Руслан Жангулин

Сондай-ақ 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астанада әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. 

"Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз", - деді ведомствоның ресми өкілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: