Зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттап жатыр - Тоқаев отандық кино туралы

Зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 17:35 Сурет: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кино туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Тағы бір түйткіл – қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – бір бөлек, жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болды.

"Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн. Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсіріліп. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн".Қасым-Жомарт Тоқаев

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: