Ұлттық құрылтай келесі жылы Қазақ елінің астанасы болған Қызылордада өтеді

Ұлттық құрылтай келесі жылы Қазақ елінің астанасы болған Қызылордада өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 17:55 Сурет: ticketon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылордада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.

Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр.

Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", - деді Тоқаев.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: