Президент Алматыда және Қостанай облысында жаңа автозауыттар ашылатынын сүйіншіледі

Тоқаев: Қызылорда мен Түркістан облыстарында электр станциялары салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 18:13 Сурет: primeminister.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда және Қостанай облысында жаңа автозауыттар ашылатынын сүйіншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы қаласында және Қостанай облысында автокөлік зауыттары ашылады. "Достық-Мойынты" темір жол учаскесінің және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. "Қызылжар – Мойынты" бағытында жаңа жоба басталады.

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы контейнер хабы салынып бітеді. "Қорғас – Шығыс қақпа" ЕЭА аумағында халықаралық әуежай жұмыс істей бастайды. Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі демалыс аймақтарында да әуежай ашылады.

Каспий теңізінің ұлтанымен талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады, бұл қадам Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз жасауға мүмкіндік береді. Еліміздің автокөлік жолдары желісін дамыту жұмысының мән-маңызы өте зор", - деді Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: