ШҚО тұрғыны әкімді сотқа берді

ШҚО тұрғыны әкімді сотқа берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 11:00 Сурет: pixabay
Жергілікті тұрғын Өскемен қаласының әкімін сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұның себебі – улы газ шығарындылары туралы уақтылы ескертпеу. Оқиға өткен қарашада хлорсутек деңгейі нормадан тоғыз есе асып кеткен кезде болды, бірақ бұл жайлы қала тұрғындары кеш білген. "Еуразия" бірінші арнасы тілшісіне құқық қорғаушы Алексей Божковтың айтуынша, қалада мұндай жағдайлар үнемі болып тұрады.

Адамдарға қолайсыз ауа-райы туралы ескертіледі, бірақ ауадағы қауіпті заттардың асып кетуі туралы хабарланбайды. Бұл олардың денсаулығына әсер етеді.

"Демек, мен газ маскасын киіп, қаладан шығып кетуім керек, баламды мектепке жібермей, терезелерді жабуым керек еді",- деді ол. 

Әкімшілік сот әкімнің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, Өскемен тұрғынының талабын ішінара қанағаттандырды. Билікке шығарындылар туралы ескерту жүйесін жақсарту тапсырылды. Істе бұрынғы әкім Жақсылық Омар болса да, оның ізбасары сот бұйрығын орындауы тиіс.

Бұған дейін Қарағанды облысында 600 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: