Жаңбыр, қар, тұман: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жаңбыр, қар, тұман: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 19:43 Сурет: unsplash
Синоптиктер ертең, 27 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні - 23 м/с.

Жамбыл облысының облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, ал түнде 23-28 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: