Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында жетінші орын алды

Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында жетінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 18:00 Сурет: pixabay
27 наурызда Швейцарияның Энгадин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында фристайл-акробатикадан жарыстар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл спорт түріндегі алғашқы медальдар аралас командалық сайыста сарапқа салынды.

Бұл жарыста Қазақстан намысын Аяна Жолдас, Дінмұхаммед Райымқұлов және Асан Асылхан қорғады. Отандастарымыз жалпы есепте жетінші орынға ие болды.

АҚШ құрамасы жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Украина, ал Швейцария үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы, сайысқа жеті команда қатысты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: