Аяқ киімдерді таңбалау елдегі салық түсіміне қалай әсер етуде

Ол осы арқылы салық түсімдерінің 300%-ға, 8 млрд теңгеден 25 млрд теңгеге дейін өскенін атап өтті. Бүгінгі таңда таңбалау жүйесінде 4,5 мыңнан астам аяқ киім сатушысы тіркелген, бұл бизнестің осы жобаға қатысуының жоғары үлесін көрсетеді.
"Жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен тоқыма өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба 2020 жылдың 15 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілді", – деп еске салды Ерлан Қарабаев.
Qaz Textile Industry Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің Басқарма төрағасы Гүлмира Уахитова таңбалау механизмі қазақстандық тұтынушыларды сапасыз және контрафактілі өнімдерден қорғайтынын, өндірушілерді ресми жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін атап өтті.
"Базардағы өнімдерде өлшем нөмірінен басқа ақпарат жоқ. Аяқ киім неден жасалған? Қай жерде өндірілген? Сапаға қатысты шағыммен кімге жүгінуге болады? Қай зауыт шығарады? Мұның бәрі белгісіз. Екінші мәселе - таңбаланбаған өнімдердің нарықты басып алуы. Бізде сауда желілеріне келетін импорттық өнімдер шетелдегі сол өнімдердің аналогтарына қарағанда арзанырақ. Бұл миға қонымсыз, себебі шетелде мұның бәрі заңды түрде жүзеге асады, яғни барлық салықтар, баждар және т.б. төленеді. Ал, бізде бұл тауарлар сұр импортпен түседі. Осылайша, отандық өндіруші бәсекеге қабілетсіз болып қалады", – деп түсіндірді ол.
Сарапшы таңбаланбаған өнімге тыйым салуды енгізу Қазақстан экономикасына оң әсер етеді деп есептейді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметтері бойынша, 2024 жылы елдің жеңіл өнеркәсіп нарығы 4,3 миллиард долларды құрады. Отандық өндірушілердің шамамен үлесі – 6%. Өткен жылы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 212 млрд теңгені құраған. Бұл ретте, салада 28 мың адам жұмыс істейді.
Бұған дейін Қостанай облысында ішімдік сату ережелерін қатаңдату ұсынылғандығы хабарланған болатын.