Тоқаев Антониу Гутерришпен не туралы сөйлесті

Тоқаев Антониу Гутерришпен не туралы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 19:33 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды.

Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: