Алаяқтар жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарды алдауға көшті

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2025 14:14 Фото: freepik
Қазақстандықтарға WhatsApp арқылы Ozon интернет-дүкеніне жұмысқа шақыру туралы ұсыныс келіп түсуде. Күніне 30-60 минут қашықтан жұмыс істеп, 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін табыс табуға болады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте, хабарландыруда еңбек жағдайы туралы ештеңе айтылмаған және байланысу үшін Ұлыбритания коды бар телефон нөмірі көрсетілген.

Сурет: Stopfake.kz

Stopfake.kz мамандары бұл ескі алаяқтық схема екенін алға тартады.

Жалған бос жұмыс орындары туралы хабарламаны Ozon маркетплейсі 2022 жылы өзінің Telegram-дағы ресми парақшасында ескерткен.

"Жалдау менеджерінен" телефонға Ozon-да жұмыс істеуге шақыратын SMS келеді. Бұл өте тартымды ұсыныс болып көрінеді: жұмысты қашықтан істеуге болады, жалақысы жоғары, оны күн сайын төлейді. Хабарламада көрсетілген контактілерге жазсаңыз болды. Одан әрі алаяқтық схема жүзеге асырылады. Алдымен, аздап ақша аударуыңызды сұрайды. Мұны әр жолы әртүрлі түсіндіреді: агенттік жарна, сатушының рейтингін көтеру және т. б. Озон жұмысқа қабылдаған кезде үміткерлерден ешқашан ақша алмайды. Банк картасының деректерін немесе қандай да бір ресурстарға тіркелуді сұрамайды. Сондай-ақ iMessage арқылы жұмысқа шақыру туралы ұсыныс жібермейді, Telegram сілтемелері арқылы өтуді өтінбейді. Кейде job.ozon.ru ресми ресурсына апаратын қысқа сілтеме жібереді", – делінген Ozon ресми мәлімдемесінде.

Мамандар компаниялардың корпоративтік сайттарында немесе жұмыс іздеуге арналған тексерілген платформаларда орналастырылған ұсыныстарға жауап берген қауіпсіз болатындығын ескертті.

Бұған дейін Павлодар облысында иесіз малдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы тіркелгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: