ТЖМ құтқарушылары қарт әйелге көмектесті

ТЖМ құтқарушылары қарт әйелге көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2025 17:49 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кейуанаға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйдің тұрғыны құтқарушыларға хабарласып, көршісі есікті ашпайтынын және телефонға жауап бермейтінін айтты. Оқиға Жезқазғандағы тұрғын үйлердің бірінде болды.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтердің есігін ашуға тырысты, бірақ аша алмады. Содан кейін олар торды алып тастап, терезеден пәтерге кіруді шешті.

Құтқарушылар әженің зардап шекпегеніне көз жеткізіп, жедел жәрдем қызметкерлері үшін есікті ішінен ашты. Пәтерде 1938 жылы туған әжей болды, ол денсаулығына байланысты есікті өздігінен аша алмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: