Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2025 18:00 Сурет: Zakon.kz
Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Zakon.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектепте қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

ҚР ЦДИАӨМ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – "Бала денсаулығы паспорты" мен "Профилактикалық екпе картасындағы" мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Сұраныс жіберілгеннен кейін өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: