Депутат еліміздегі шетелдік ұйымдардың жобаларын сынға алды

Депутат еліміздегі шетелдік ұйымдардың жобаларын сынға алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 12:31 Сурет: primeminister.kz
Депутат Еділ Жаңбыршин 2025 жылғы 2 сәуірдегі Мәжіліс отырысында Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында елдің ішкі саясатына араласатын, шетелдік ұйымдар қаржыландыратын жобаларды сынға алып, оларға бақылау жүргізу керектігін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдағы ішкі саясатқа байланысты мәлімдемесіндегі "халықаралық үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар көптеген елдің ішкі ісіне негізсіз араласты" деген сөзін негізге ала отырып, оларға тексеріс жүргізу керек екенін айтты.

Оның сөзінше, аталмыш ұйымдар ұлтараздық пен діни алауыздықты, сепаратизм мен трайбализмді біздің саяси күн тәртібімізге енгізуге күш салды. Мұнымен қоса, ол мемлекеттердің ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған әсіре феминистік, ЛГБТ, эмо және басқа да субъмәдениеттік қозғалыстар арнайы, жоспарлы түрде миллиондаған АҚШ долларымен қаржыландырылғанын айтты.

Депутаттың деректеріне сүйенсек, соңғы он жылдықта Қазақстанның ішкі саясатына ықпал ету үшін USAID-тен 150 млн. доллардан астам қаражат бөлініпті.

"Оларға Қазақстанның жақсарғаны емес, шайқалғаны пайдалы. Себебі өздерінің жеке басының пайдасына, яғни "гуманитарлық бизнестеріне" қаржы керек",- дейді ол.

Жаңбыршин Қазақстанда ішкі саясатты іске асыратын, оның бағыт-бағдарын анықтайтын билік институттары мен тиісті заңдардың бар екенін айта келіп, Үкімет тез арада келесі мәселелерді қолға алу керектігін айтты.

  • Қаржы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдарды іске қосып, еліміздің ішкі саясатына араласуға бағытталған сырттан құйылған қаржыны анықтап, тиісті шара қабылдасын.
  • Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізсін.
  • Шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын жобалар мен ұйымдардың қызметін бақылау және реттеу механизмдерін жетілдіру қажет.

Бұл ретте, ол сырттан келетін қаржы, егер таза болып, инвестиция ретінде экономиканы дамытуға құйылатын болса, экология мен денсаулық сақтау саласын жақсартатын болса, онда оған жол ашық екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: