Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен не туралы сөйлесті

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен не туралы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 19:30 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

2024 жылы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ 935 млн долларға 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ "жасыл экономика" бағдарламаларын жүзеге асыруға 2 млрд еуро инвестиция құюды жоспарлап отырғаны туралы тың мәліметтер берді.

Қазақстан Президенті банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: