"ҚазМұнайГаз-Аэро" экс-директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-нің бұрынғы директоры Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 3 сәуірде Zakon.kz сайтына ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство Нұржан Нұрлановқа қатысты Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы ҚР ҚК 389-бабы ("Өзінше билік ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Сарыарқа" хоккей клубы" ЖШС-нің экс-директоры Арғын Нығматулинді іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Zakon.kz сауалына берген жауабында Бас прокуратураның баспасөз қызметі А.З.Нығматулинге және басқа да бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады. Олар Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бағытталған бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз