Түркістан облысында жас жігіт көршісінің алтындарын ұрлап кеткен

Түркістан облысында Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығының қылмысын ашты. Белгілі болғандай, 19 жастағы жас жігіт ауылдасының үйінен ұрлық жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол күндізгі уақытта үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, есікті сындыру арқылы ішке кірген. Содан жатын бөлмеден құны миллион теңгеге жуық бірнеше алтын бұйымдарын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген. Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript