Түркістан облысында млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2025 12:56 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығы қылмысын ашты.

Белгілі болғандай, 19 жастағы жас жігіт ауылдасының үйінен ұрлық жасаған. Ол күндізгі уақытта үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, есікті сындырып кірген.

Содан жатын бөлмеден құны миллион теңгеге жуық болатын бірнеше алтын бұйымды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген. Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: