Алаяқтар қазақстандықтарды тағы да қомақты ақша табуға шақырып, алдап жатыр

Алаяқтар қазақстандықтарды тағы да қомақты ақша табуға шақырып, алдап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 19:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Үкіметі бекіткен жаңа қаржы бағдарламасы туралы хабарлама жарияланды. Мемлекеттің қолдауымен пассивті табыс ел азаматының туған жылына байланысты төленеді екен. Бұл жарнама – фейк, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат құралының хабарлауынша, хабарламада бірнеше стандарттық алаяқтық әдіс қолданылған.

"Жарнама 24kz қазақстандық телеарнасының атынан шыққан. Мұны логотиптен түсінуге болады. Ал  "Аккаунт туралы мәліметтер" бөліміне өтсеңіз, бұл профильдің арнаға еш қатысы жоқ екенін көресіз. Аккаунттың жалған атауы – kazakh2468, ал түпнұсқа аккаунт – 24kz_tv", - делінген хабарламада.

Хабарландыруда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің суреті қолданылған. Киберқылмыскерлер суретті ашық көздерден алған.

ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында жаңа қаржы бағдарламасы туралы ақпарат жоқ. Мемлекет басшысының сайтында да мұндай жаңалық шықпаған.

Жаңа қаржы бағдарламасы туралы ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өту керек. Алайда, бұл жеке деректерді жинауға арналған фишингтік сілтеме болуы мүмкін. Біз порталымызда мұндай ресурстардың қандай қауіп төндіретінін бірнеше рет жазған болатынбыз. Осылайша алаяқтар жеке деректерге қол жеткізіп, ақшаңызды иемденіп кетуі мүмкін.

Егер жасына байланысты төлемдер төленетін қаржы бағдарламасы бар болса, ол туралы ресми арналар хабарлайтын еді.

Еске салайық, осы жылдың наурыз айында алаяқтар мұндай схеманы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының атынан қолданған, схемада жасына қарай табыс табу ұсынылады. Хабарлама жалған болып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: