Алаяқтар Тоқаевтың сөйлеген сөзін дыбыстап, жарнамаға пайдаланған

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2023 17:41 Сурет: видео скрині
Facebook-те ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым азаматтарға арналған жаңа Ton жобасы туралы баяндаған бейнеролик тарап жатыр. Ол кәсіпкер Павел Дуров туралы айтады. Алайда бұл видео фейк болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл видео дыбысталған. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы мамырда "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" ұранымен өткен II Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің жазбасы", - деп хабарлады stopfake.


Оның баяндамасының толық мәтінін Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан оқуға болады.

Онда Ton жобасы туралы айтылмайды.

Алаяқтар Павел Дуровтың есімі мен Ton криптовалютасының атауын Желіде кем дегенде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Олар жарнамаға жауап берген адамдарды акцияларға немесе криптовалюталарға инвестиция салуға шақырып, көрсетілген шотқа ақша аударуды ұсынады.

Олай болса, ҚР азаматтарына арналған жаңа жоба туралы видео – фейк.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: