Қызылордалық ер адам пойызда екі келіден астам марихуана тасымалдаған
Сурет: pixabay
Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам Қызылорда-Семей жолаушылар пойызында 2 келіден астам марихуана тасымалдаған.
Оны Түркістан станциясында жедел іс-шаралар барысында көлік полициясының қызметкерлері ұстады. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты.
"Қабылданған шешім – 8 жыл бас бостандығынан айыру". Бас көлік прокуратурасы
Үкім заңды күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript