Алматы облысында вейп сатумен айналысқан ер адам анықталды

Алматы облысы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы Telegram мессенджері арқылы темекі өнімдері мен электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатудың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мониторинг жүргізу барысында құқық қорғау органдары тыйым салынған өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан Қонаев қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша облыс орталығының полициясында қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз