Актер Шәріп Серікке қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Актер Шәріп Серікке қатысты істің мән-жайы белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2025 10:41 Сурет: Instagram/shakentii, Instagram/aliya_booteyeva
2025 жылғы 4 сәуірде Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін Шәріп Серікке қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың анықтағаны

Шәріп Серік серіктесі Әлия Бөтеевамен жанжалдасып, мінез-құлық нормаларын бұза отырып, әдепсіз сөздер қолдануға жол берген. 

Сот талқылауы барысында Серік өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінің санкциясы бойынша 

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатынын хабарлады.

Соттың шешімі

"Сот қаулысымен Серік Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2025 жылғы 3 сәуірде Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева өзін белгілі актер Шәріп Серік ұрды деп айыптады. Қыздың айтуынша, ол актермен қарым-қатынаста болған. Ол Шәріп Серіктің артынан жалаңаяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифтіден жұлқып алып шыққаны туралы фото және видео жариялады. Суреттерде қыздың беті қызарғанын көруге болады.

Бүгін, 4 сәуірде қазақстандық ірі медиа-компания Salem Entertainment пен басқа жарнама берушілер осы оқиғадан кейін актермен ынтымақтастықты және барлық келісімшартты тоқтататқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: