Атырауда 80 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған интернет-алаяқ ұсталды

Атырауда 80 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған интернет-алаяқ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2025 12:43 Сурет: polisia.kz
Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмысын жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазіргі таңда 31 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмеді.

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға және жеке деректерді құпия ұстауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: