Полиция "Қазпошта" қызметкерлерінің "қоңырауларына" байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Елімізде "Қазпошта" қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар көбейіп келеді. Осыған байланысты 2025 жылғы 7 сәуірде ақтөбелік полицейлер халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің айтуынша, 45 жастағы ақтөбелік әйел алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Ол қаскөйлердің қоңырауынан кейін онлайн несие рәсімдеп, олардың шотына 1 млн теңге аударған.
"Алаяқтар өздерін "Қазпошта" қызметкерлері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға сәлемдеме түскені туралы хабарлайды. Олар осы сәлемдемені алу үшін телефоныңызға келген sms-кодты айтуды сұрайды",- делінген ақпаратта.
Ведомство мұндай жағдайда сөйлесуді дереу тоқтату керек екенін ескертті.
"Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін әр қоңырау мен sms-ке мұқият қарауды, сондай-ақ күдікті хабарламалар мен жарнамаларға сенбеуді ұсынамыз". Ақтөбе облысы ПД басқармасы
Бұған дейін қазақстандық миллиардердің 6,8 жылға бас бостандығынан айырылғандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript