Алматыда дауыл тұрды: Тұрғын үйлер зақымданып, электр қуаты өшті

Алматыда дауыл тұрды: Тұрғын үйлер зақымданып, электр қуаты үзілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 09:27 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 7 сәуір кешкісін жаңбыр сіркіреп, найзағай ойнады. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыл қызметтердің дерегіне сүйенсек, 28 ағаш құлады. Оның үшеуі үйлерге түскен.

Мұнымен қоса, бірқатар үйдің шатыры зақымданған және құрылыс алаңында қоршау құлап кеткен бір оқиға тіркелді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Сағат 19:30-дан бастап Алматы қаласында екпінді желмен, найзағаймен қоса қысқа мерзімді нөсерлі жаңбыр басталды, ол араға үзік-үзік уақыт салып 8 сәуір түнгі сағат 02:00-де аяқталды. Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қаланың әртүрлі бөліктерінде 2-ден 6 мм-ге дейін жауын-шашын тіркелді. Түнгі уақытта 376 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 255-і "Алматы Тазалық" МКК және 121-і жеке мердігерлік ұйымдардан. 395 жол жұмысшысы жұмыс істеді. 27 мотопомпалар мен 1600 қап құм бар", – деді әкімдік.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, жергілікті су тасқынының алдын алу және жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған 42 жедел бригада жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Арықтардағы су тасып, көшелерге жайылды. Синоптиктердің сөзінше, табиғаттың мұндай құбылмалы мінезі, бұл мезгілде жиі болып тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: