Қазақстанда 700 мың теңгеден басталатын жалақы кімдерге ұсынылады

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 12:25 Фото: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 сәуірде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер нарығындағы жағдай туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, наурыз айында "Enbek" электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 80,2 мың бос жұмыс орны және 95,3 мың түйіндеме орналастырылды. Ақпан айымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің төмендеуі байқалды – бос жұмыс орындарының саны 34%-ға, сондай-ақ жұмыс іздеушілер орналастырған түйіндемелер саны 28% – ға азайды.

"ЭЕБ мәліметтері бойынша, 2025 жылдың наурыз айында біліктілік деңгейі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік сақталады: жоғары білікті мамандар бос жұмыс орындарының 37 пайызын құраса, олар түйіндеменің 32 пайызын ғана құрайды. Сонымен бірге біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне деген сұраныс 14% құрады, ал олардың ұсынысы барлық түйіндемелердің 28% – на жетті",- делінген ақпаратта.

Өңірлік бөліністе ақпан айымен салыстырғанда орналастырылған бос орындар санының едәуір төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында – 12,9 мыңнан 4,5 мыңға дейін (65% – ға төмендеу), Ақтөбе облысында – 3,8 мыңнан 2,7 мыңға дейін (-28%) және Атырау облысында – 3,5 мыңнан 3,1 мыңға дейін (-12%) тіркелді.

Жалпы төмендеуге қарамастан, Алматы облысында жұмыс берушілер белсенділік деңгейін бұрынғы деңгейде сақтап қалды: наурызда 3,4 мың (-6%), ал ақпан айында 3,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды.

Сонымен, наурыздағы сұранысқа ие мамандықтар:

  • PR-менеджерлер (3,9 мың бос жұмыс орны),
  • медбикелер/мейіргерлер (1,7 мың бос жұмыс орны),
  • санитарлар (1,6 мың бос жұмыс орны).

Бұған қоса, келесі мамандықтарға да сұраныс артты.

  • автобус жүргізушілеріне (+302 бос жұмыс орны),
  • саудагерлерге (+253 бос жұмыс орны),
  • сатушы-кеңесшілерге (+189 бос жұмыс орны).

Ең жоғары жалақылар ұсынылды:

  • бас құрылысшыларға (орта есеппен 709 мың теңгеден бастап),
  • ұңғымаларды жөндеу шеберлеріне (700 мың теңгеден бастап),
  • бұрғылау инженерлеріне (597 мың теңгеден бастап).

Ал, ең көп жалақыны өнеркәсіптік жабдықтар бойынша механик (орта есеппен 1,6 млн теңгеден бастап), IT саласындағы ғылыми қызметкер (1,4 млн теңге) және өнімді әзірлеу жөніндегі жобалар жетекшісі (1,3 млн теңге) лауазымдарына үміткерлер сұрады.

Осылайша, ЭЕБ мәліметтері бойынша, наурыз айында бос жұмыс орындары мен түйіндемелер санының азаюы байқалды, бұл ретте сұраныс пен еңбек ұсынысы арасындағы алшақтық артты.

Бұған дейін Алматыда синтетикалық есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: