Талдықорғанда кореялық әйел әмиянын жоғалтып алды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері шетелдік азаматқа жоғалған әмиянын тауып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары әмиянын жоғалтып алған Корея Республикасының азаматына көмек көрсетті. Шетелдік әйел полиция қызметкеріне жүгініп, оқиға болған жерді бірге аралап шыққан.
Іздеу барысында жергілікті тұрғындардың көмегімен әмиянды тауып алған бойжеткеннің жеке басы анықталды. Ол жоғалған заттың бөтен адамдардың қолына түспеуі үшін өзінде қалдырған.
Осылайша, оқиға оң шешімін тауып, қос тарап та полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі шұғыл әрекеттеріне ризашылығын білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript