Тоқаев Шымкентте тағы кімдермен кездесті

Шымкентте жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиа сыныптары, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады.
Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.
Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті.
ррпо
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript