Шымкент прокурорлары бизнес субъектілерінің құқығын қорғады

Шымкент прокурорлары бизнес субъектілерінің құқығын қорғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2025 12:59 Сурет: Zakon.kz
Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жеке сарапшының қорытындысына сәйкес Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары мен "Жасыл-Жер" ЖШС-не қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша заңсыз қылмыстық іс бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшының қорытындысында "Кең баба" этнопаркінің аумағын күтіп ұстау және қызмет көрсету жұмыстарының көлемі сметалық құнға негізсіз қосылғаны, нәтижесінде жұмыстардың құны 230 млн теңгеге өсіп кеткені көрсетілген.  

Одан бөлек, тергеу органы қылмыстық іс шеңберінде тінту және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізіп, бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына тартқан, салдарынан олардың қалыпты қызметіне кедергі келді.

Қала прокуратурасы қылмыстық істі зерделеу барысында қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.

Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қолданылды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: