Әлемді аралап жүрген саяхатшы Қазақстанға табан тіреді

Әлемді аралап жүрген саяхатшы Қазақстанға табан тіреді , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 12:54 Сурет: Instagram/camperghini
Монтана штатындағы Коннор есімді американдық Lamborghini-мен бүкіл әлемді саяхаттап келеді, таяуда ол Қазақстанға да табан тіреді. Алайда, ол елімізде шытырманға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының полициясы мәлімдегендей, турист өз бағыты аясында Оралға келген.

"Қалаған келген ол бағытынан жаңылып қалған. Орал қаласында БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Қазиханов Дамир мен Иманғазин Нұрсұлтан — қалада адасып кеткен шетелдік азаматқа көмек көрсетті. Конор оралдық полицейлерге кәсібилігі, сыпайылығы және жедел көмегі үшін алғысын білдірді",- делінген полиция ақпаратында.

Белгілі болғандай, 2023 жылдан бері әлемді аралай бастаған Коннор бүгінге дейін 30-дан астам елді басып өткен.

Бұған дейін елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: