Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды алып шықты

Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құрманғазы ауданында полиция қызметкерлері жекеменшік үйлердің бірінен шыққан өртті байқап, дереу оқиға орнына бет алған. Өрт болған жерге учаскелік инспекторлар Есмағамбет Миянов, Беркін Уахитов, Карима Ниязова және патрульдік полицей Бақытжан Зияш жеткен.
Үй ішінде ер адамның қалғанын анықтаған полицейлер терезені сындырып, ішке кірген. Содан олар тұншығып, қозғалуы қиындаған азаматты сыртқа алып шықты.
Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап, оның таралуына жол бермеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript