Қостанай облысында үйінде қарасора өсірген адам ұсталды

Қостанай облысында үйінде қарасора өсірген адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 18:28 Сурет: polisia.kz
Меңдіқара ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері жер үйден шағын қарасора плантациясын тапты. 38 жастағы ер адам құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қарасора бұтасын, сондай-ақ 8,65 грамм марихуананы тапты. Белгілі болғандай, күдікті қарасораны өзіне арнап өсірген. Бұған табылған заттар да дәлел бола алады.

Енді "бағбан" бірден бірнеше бап бойынша жауап береді. Заңсыз себу және тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, сондай-ақ есірткіні сату мақсатынсыз сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа, ер адам ҚР ӘҚБтК 440-1-бабы бойынша есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: